- Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2015 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.
- Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2015 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
- Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2015 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді босатуды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
- Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
• 24 Ақпан, 2015
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №1011
Алматыда лай көшкінінен ғимараттың шатыры зақымдалды
Оқиға • Бүгін, 10:57
2026 жылдың ең ықпалды адамдары анықталды
Әлем • Бүгін, 10:50
Алматыдағы нөсер жаңбыр: Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті
Алматы • Бүгін, 10:41
Әскерде телефон қолдану тәртібі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 10:30
Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді
Елорда • Бүгін, 10:22
Жаңбыр, дауыл, тұман: Елімізде ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Бүгін, 10:03
Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Сауда • Бүгін, 09:55
Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті
Қоғам • Бүгін, 09:43
Руханият • Бүгін, 09:25
Қаржы • Бүгін, 09:22
Қоғам • Бүгін, 09:22
Әдебиет • Бүгін, 09:20
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18
Шахмат • Бүгін, 09:15
Өнер • Бүгін, 09:12